Тегеуріні | 0 -400 фут | 0 - 120 м | ||
Шығыны | 0- 1 000 галлон/мин | 0 - 230 м3/ч | ||
Температуралық диапазоны | -40 - 400°F | -40 - 205°C | ||
Сатылар саны | 1 | |||
Сорғы корпусының максималды есептік қысымы | 40 бар | Қысымы 100 бар болатын үлгілерді өндіру мүмкін | ||
Стандартты жеткізу мерзімі | 18-24 апта | |||
Айналу жылдамдығының диапазоны | 1450- 3 500 айн/мин, 50 Гц | |||
Құралым материалдары | Көміртекті болат (S-5) және тот баспайтын болат 316 (A-8) | |||
Қолжетімді мойынтірек материалдары | карбид кремний | |||
Өнеркәсіптік стандарт т | API 685және API 610 OH4, BS 4082 орнына, R классы | |||
Электр қозғалтқышы туралы ақпарат | Өнеркәсіптік жұмыс атқару | |||
Гидравликалық үлгілік өлшемдер саны | 9 | |||
Тығыздамалардың қолжетімді конфигурациялары | Тығыздамалар пайдаланылмайды | |||
Индюсердің қолданылуы | Жоқ | |||
Қолжетімді ернемектер | 150/300 RF | |||
Раманың қолжетімді өлшемдері | Қуаттылыққа бойынша талапқа сай болу үшін іргетас рамасының екі үлгілік өлшемі |
GSPV OH4 – API685 стандартына сай тік сорғылар
— Шығыны 230 м³/ч (1 000 гал/мин )
— Тегеуріні 120 м (400 фут)
Барынша аз орын ала отырып, айрықша шағын негізінің арқасында, GSPV OH4 сериялы тік сорғылар API 685 стандартының барлық талаптарына жауап береді, бұл оларды химиялық, мұнай-химиялық, сондай-ақ мұнай-газ өнеркәсібі, әсіресе кеңістің анықтауыш фактор болып табылатын қолданыс салаларына, мысалы мұнай мен газ өндіруге арналған теңіз құрылғылары үшін айқын таңдауға айналдырады.
API 610 мен API 685 стандарттарына сәйкескестікті қамтамасыз етудегі тәжрибемізді қолданудың арқасында тік орталықтан тепкіш GSPV сериялы сорғыларының стандарттан қандай да бір ауытқушылығы үшін рұқсат алу қажеттілігін жояды. Тоғыз гидравликалық үлгілік өлшемдер қол жетімді және (стандартты)40 барға дейін, сондай-ақ (арнайы тапсырыс бойынша) 100 барға дейін қысымның кең ауқымды жұмыс диапазонын ұсынатын GSPV сорғылары көптеген қолданыс салаларына жарайды.
Біз 1983 жылдан бері мұнай-газ өнеркәсібі үшін магнит жетегі бар герметикалық сорғы құрылғыларын өндіріп келеміз. Біздің API-685 стандарты бойынша бір жақты сорып алатын және магнит жетегі бар орталықтан тепкіш герметикалық сорғылар өнімдерінің желісі мұнай, газ, мұнай өңдеуші және ауыр химиялық өнеркәсібінің техникалық талаптарына сай, олардың қолданыс аясын кеңейтетін GSPV сериясын қосқанда.
API 685 стандартының орталықтан тепкіш герметикалық сорғылары
API-685 және API-610 стандарттарына сай магнит жетегі бар орталықтан тепкіш герметикалық сорғылар .Ағып кету орын алатын тығыздамалар жоқ болғандықтан олар қауіпсіз әрі сенімді. Ағып кетуінің алдын алу қиын мұнай, химия және газ өнеркәсібінде қолданылатын құнды әрі қауіпті сұйықтықтар үшін таптырмайды.
Магнит жетегі бар тік герметикалық сорғылар
Sundyne HMD Kontro компаниясының GSPV сериялы тік монтаждалатын сорғылар API 685 стандартына сай және шағын корпусты герметикалық сорғылардың артықшылықтарына ие.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Магнит жетегі бар HMD Kontro герметикалық сорғылары
Магнит жетегі бар Sundyne HMD Kontro герметикалық сорғылары API-685, ASME / ANSI B73.3 және ISO 2858 стандарттарына сай. Ағып кету болмайды және аса сенімді әрі қауіпсіз болып табылады.
|
|
|
|
|
|
|
Магнит жетегі бар тік GSPV герметикалық сорғылары тығыздамасы бар дәстүрлі сорғылардан тиімді ерекшеленеді. GSPV сериясының құрамына Sundyne HMD Kontro компаниясының GS жетегі негізінде жасалған, API 685 стандартына сай және өңдеуші, химиялық және мұнай-химиялық кәсіпорындағы ауыр қолданыс жағдайларына жарайтын сорғылар кіреді:
- Тік құрылысы
- Тоғыз гидравликалық улгілік өлшемдер қол жетімді
- Негізінің шағым аумағы
- Қуаттылық талаптарына сай болу үшін іргетас рамасының екі өлшемі
- Әртүрлі өлшемдегі рамалардың бір бірімен ауысымдылығының жоғары деңгейі
- Бірыңғайлылық қосалқы бөлшектердің санын барынша кемітеді
- Толықтай өзін-өзі құрғататын
- Герметикалық сорғыларға арналған API 685 стандартына толықтай сәйкестік
- API 610 стандартының талаптарына сәйкестік
- Құрылым ағып кетусіз, толықтай қауіпсіз қолданысты қамтамасыз етеді
- Төмен қолданыс шығындарының есебінен жоғарғы тиімділік
- Барынша аз қосалқы бөлшектер жиынтығы мен қызмет көрсету
- Орнату мен қызмет көрсетуді қажет ететін қымбат тығыздама жүйелерінің жоқтығы
- Ең аз уақыттағы тапсырыс және орнату шығындарының төмендігі
- Карбид кремнийдан жасалған ішкі мойынтіректер
- Стандартты варианттағы фланецтардың үлкен таңдауы
- Көмекші басқару жүйелерінің / герметизация жүйелерінің кең ауқымы
- Қолжетіиді бақылау-өлшеу жүйелерінің кең таңдауы
- Тиімділігі жоғары, үйлесімді ZeroLoss герметикалық стақандарына тапсырыс беру мүмкіндігі
API (Америкалық мұнай институты)
Sundyne компаниясы ауыр қолданыс жағдайларына арналған орталықтан тепкіш көп сатылы сорғылардың кең ауқымын өндіреді, олар Америкалық мұнай институтының API-610, 10-шы және 11-ші басылым(OH1, OH2, OH3, OH4 OH5, OH6, BB1, BB2, BB3, BB5, VS1, VS2, VS4, VS6) және магнит жетегі бар герметикалық сорғыларға арналған API-685 сандарттарына сай. Біздің химиялық және мұнай- химиялық өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін тапсырыс берушілеріміз көптеген жылдар бойы Sundyne сорғыларын күрделі және қауіпті орталарды айдауға қолдануда.
ISO (Халықаралық стандарттау ұйымы)
Орталықтан тепкіш Sundyne сорғылары Халықаралық стандарттау ұйымының мұнай мен газ өндіру, өңдеу, химиялық және мұнай-химиялық операцияларға қатысты ISO 13709 стандартының талаптарына сай.