gsp_2100x1610
gsp_perf_env_60hzgsp_cutaway

GSP OH2 (API 685) – Мұнай-химиялық сорғылар

— Шығыны  828 м³/ч (3 647 гал/мин) дейін
— Тегеуріні 350 м (1 146 футов) дейін

GSP OH2 сериялы сорғыларының сорғы жүйесінің ең әлсіз жері болып есептелетін механикалық тығыздамалары жоқ. Сорғы ақауларының 85%-дан астамы механикалық тығыздамалар және төсеме мен тығыздағыш сақына сияқты статикалық тығыздамалардың зақымдануы, сондай-ақ мойынтіректердің зақымдануымен байланысты. Жаңасын орнату немесе қолда бар сорғы жүйесін жаңартуды жоспарлау кезінде механикалық тығыздамаларға кетуі мүмкін қомақты шығындарды  есепке алу керек. Магнит жетегі бар GSP сериялы герметикалық сорғылары  API-685 стандартының екінші басылымының барлық стандарттарына сай, бұл оларды химиялық, мұнай-химиялық және мұнай-газ өнеркәсібінде қолданылтын құрылғылар үшін айқын таңдау етеді.

Біздің ауыр қолданыс жағдайына арналған бір жақты сорып алатын орталықтан тепкіш герметикалық сорғылар өнімдер желіміз API стандарттарына сай және мұнай-газ, мұнай өңдеуші, ауыр химиялық өнеркәсіп салаларымен қояылатын техникалық талаптартарды қанағаттандырады. GSP сериялы сорғылар әдетте токсинді, жемір, ыстық, кристалдаушы және құнды сұйықтықтарды айдап қотару үшін қолданылады.




Тегеуріні  80-1146 фут 18 - 245 м 60 Гц:  25-350 м
Шығыны 1- 3647 гал/мин  8- 662 м3/сағ 60 Гц: 10 -828 м3/сағ
Максималды қуаты 535 400
Температуралық диапазоны  -40 тан +660°F дейін -40 тан +350°C дейін
Сатылар саны 1
Сорғы корпусының максималды есептік қысымы 580 фунт/шаршы дюйм 41 кг/см2
Максималды сору қысымы 580 фунт/шаршы дюйм (41 кг/см²)
Дифференциалдық тегеуріні 656 фут 200 м
Дифференциалдық тегеурініне тәуелді қуаты, а.к., 535 а.к. 400 кВт
Стандартты жеткізу мерзімі 14-16 апта
Айналу жылдамдағының диапазоны 1450 - 3500  айн/мин, 60 Гц
Құралым материалдары  S-5, A-8, D-1, D-2 санатты болат
Қолжетімді мойынтірек  материалдары SiC, графит
Гидросығымдау қысымы 870 фунт/шаршы дюйм 61 кг/см2
Максималды тұтқырлығы 200 сСт
Өнеркәсіптік стандарт API 685, API 610, тип OH2
Қатты бөлшектердің көлемі Көлемі 150 мкм-дан кем масса бойынша 5% -ға дейін.
Электр қозғалтқышы туралы ақпарат Өнеркәсіптік жұмыс атқарушылық
Монтаждау типі Бөлек бекіту
Қолда бар гидравликалық үлгілік өлшемдер саны 28
Тығыздамалардың қолжетімді конфигурациясы Тығыздамалар қолданыылмайды
Индюсердің қолданылуы Қарастырылған
Қолжетімді ернемектер 150/300 RF
Сорғы корпусының тоттануына рұқсатнама 1/8″ (3,2 мм)
Сорып алатын және айдағыш келте құбырлардың диаметрі Үогісіне қарай түрленеді

API 685 стандартының орталықтан тепкіш герметикалық сорғылары
API-685 және  API-610 стандарттарына сай магнит жетегі бар орталықтан тепкіш герметикалық сорғылар .Ағып кету орын алатын тығыздамалар жоқ болғандықтан олар қауіпсіз әрі сенімді.  Ағып кетуінің алдын алу қиын мұнай, химия және газ өнеркәсібінде қолданылатын құнды әрі қауіпті сұйықтықтар үшін таптырмайды.

  • Мұнайдың жеңіл фракциялары
  • Органикалық химиялық заттар
  • Теңіз суы
  • Еріткіштер
  • Гидрокрекинг
  • Автоцистерналарға құю
  • Мұнай химиясы
  • Пластмассалар
  • Бутанды айдап қотару
  • Тағамдық майлар
  • Бензолды қалпына келтіру
  • Сілтілі хлор
  • Аккумуляторлар өндіру
  • Майда химия өнімдері
  • Мұнай өнімдерін өндіру және қайта өңдеу
  • Құрамында қышқылы бар қосылыстарды өндіру
  • Құрал-жабдық өндіру
  • Бензин
  • Хош иісті көмірсутектер
  • Биоотын
  • Қышқылдарды айдап қотару
  • Коммуналдық кәсіпорындар
  • Тот басу орталары
  • Алкилдеу
  • Бейорганикалық химиядық заттар
  • Шикі мұнайды айдап қотару
  • Уытты заттар
  • Ыстық орталар
  • Поликристаллды кремний
  • Күйдіргіш сода
  • Биодизель
  • Автоцистерналардың ішіндегісін айдап шығару
  • Жылу алмасу сұйықтықтары
  • Изомерлеу
  • Аминмен өңдеу
  • Бөлініп шығу
  • Синтетикалық отын
  • Химикаттарды айдап қотару
  • Ыстық мұнай
  • Құрамында күкірті бар су
  • Биоөңдеу
  • Ауыл шаруашылығы химикаттары
  • Циркуляция
  • Химиялық қайта өңдеу
  • Гидротазарту
  • Пропанды айдап қотару

Магнит жетегі бар HMD Kontro герметикалық сорғылары
Магнит жетегі бар Sundyne HMD Kontro герметикалық сорғылары  API-685, ASME / ANSI B73.3 және  ISO 2858 стандарттарына сай. Ағып кету болмайды және аса сенімді әрі қауіпсіз болып табылады.

  • Өңдеу
  • Мұнай мен газ
  • Химиялық заттар және ерітінділер
  • Химиялық процесстер

API (Америкалық мұнай институты)
Sundyne компаниясы ауыр қолданыс жағдайларына арналған орталықтан тепкіш көп сатылы сорғылардың кең ауқымын өндіреді, олар Америкалық мұнай институтының API-610, 10-шы және 11-ші басылым(OH1, OH2, OH3, OH4 OH5, OH6, BB1, BB2, BB3, BB5, VS1, VS2, VS4, VS6)  және магнит жетегі бар герметикалық сорғыларға арналған  API-685  сандарттарына сай. Біздің химиялық және мұнай- химиялық өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін тапсырыс берушілеріміз  көптеген жылдар бойы Sundyne сорғыларын күрделі және қауіпті орталарды айдауға қолдануда.