sundyne-zeroloss-shell
zeroloss-shell-familyzeroloss-shell-castingzl-shroud

ZeroLoss герметикалық стақандары

Біздің магнит жетегі бар HMD Kontro герметикалық сорғылар өнімдер желісіне арналған жаңа сенімді элемент
ZeroLoss герметикалық стақаны – бұл магнит жетегі бар HMD Kontro герметикалық сорғылар өнімдер желісіне ұсынылатын жаңа өнім. Бұл элементтің революциялық құрылымы біздің үнемі өніміміздің тиімділігін арттыру мен қолданыс шығындарын төмендетуге деген ұмтылысымзды көрсете отырып, HMD Kontro компаниясының магнит жетегі бар герметикалық сорғыларың артықшылықтарын арттырады.

Product Description

ZeroLoss герметикалық стақандары  барлық айналмалы құрылғының осал жері болып табылатын құйынды токтардың әсерінен қызуға ұшырамаған. Бұл ең алдымен үлкен сорғылардың жұмысының тиімділігін арттырады. Онда магнит муфтасы мен қозғалтқыштың көлемін кішірейту қолданыс шығындарының азаюына алып келеді. Сонымен қатар, бұл бүкіл агрегаттың көлемінің кішіреюіне және тиісінше орын үнемдеуге мүмкіндік беретін, кіші көлемді іргетас рамасын таңдаудың  себебі бола алады.

ZeroLoss герметикалық стақандары әуелде жоғары технологиялық заманауи әуе кемелерін құрастыру үшін ойлап табылған, патентелген материалдардан жасалған. Бұл жеңіл, әрі үйлесімді материал- бір қатар артықшылықтарға ие, атап айтқанда:

  1. Жоғары беріктілік
  2. Температураның таралу аралығы -40°C- тан +120°C- қа дейін (ең жоғарға шекті +150°C-қа дейін көтеріге болады)
  3. Химиялық заттардың көп мөлшерде әсер етуіне шыдамды
  4. Нөлден төмен температурада сынғыш болмайды
  5. Температураның кенеттен өзгенрген кезінде шытнауға ұшырамайды
  6. Соққыға беріктілік
  7. Берік әрі иілімді

Өзінің сенімді конструкциясының арқасында ZeroLoss герметикалық стақандары кең ауқымды қолданыс түрлерінің  әсеріне төтеп бере алады, ұңғымаларды бұрғылауда қолданылатын  жоғары қысымды сұйықтықты қайта айдау, күйдіргіш соданы тасымалдау, көмірсутегілерін химиялық өңдеу, мұнайдың жеңіл фракцияларын қайта айдау және су өңдеуді қоса алғанда.

Энергияға деген қажеттілігінің төмендігіне,  энергошығындарының аздығына, атмосфераға бөлінетін паркниктік газдар көлемінің төмендігіне байланысты ZeroLoss  герметикалық стақандары магнит жетегі бар  HMD Kontro герметикалық сорғылар өнімдер желісіне құнды толықтырмаға айналды.