vaporview
1b1a15741b1a1565vapourview_4

VapourView газ детекторлары

Қауіпті аумақтарға арналған VapourView детекторының сертификатталуы:

Құрылғының сертификатталуы:
– ATEX сертификатының номері: BASEEFA12ATEX0137
– ATEX санаты: II 2(1)G Ex d [ia Ga] IIC T6 (Ta -40oC to +60oC) Gb IP66

Детектор құрылғысы:

– ATEX сертификатының номері: BASEEFA12ATEX0139X

- Нақты уақыт режимінде жағдайды бақылау

- Ең жоғарғы орташа тоқтаусыз жұмыс уақыты/ алмастырулар арасындағы орташа жұмыс атқару көлемі

- Датчик жұмысының ұшқын қауіпсіздігі

- Жергілікті визуалды индикация тәсілдері

- Жарылу қауіпі жоқ электроника

- Шығу сигналы 4-20 мА

- Тұрақты токтың 24 В жеткізу кернеуі

- Жұмыс температураларының кең ауқымы

- IECEX /ATEX сертификаттары, расталған электромагниттік үйлесімділік

- Ішкі деректерді жазу

-  I, II және III жақтауларға арналып қай жабдықталу мүмкіндігі

Product Description

Орталықтан тепкіш магнит жетегі бар герметикалық сорғыларға арналған сұйықтықта газың болуын жанасусыз анықтайтын VapourView детекторы

VapourView ультрадыбыстық детекторы технологиялық сұйықтықтарда газдың болуын жою үшін оларды ерте анықтау жүйесі болып табылады және магнит жетегі бар герметикалық сорғылардың сенімділігі мен өнімділігін API-685 стандартына сәйкес арттырады. Сұйықтықты қайта айдау жүйесінің зақымдануының алдын алу үшін арнайы жасалған, патентелген бұл ультрадыбыстық жүйе қымбат тұратын компоненттерді алмастыру санын және бос тұрып қалуды азайтады, оған себеп құрғақтай жұмыс істеу, қоршалған газ немесе кавитация болуы мүмкін.

Орталықтан тепкіш магнит жетегі бар герметикалық сорғыларды өндіруде көшбасшы бола отырып, HMD Kontro компаниясы көптеген проблемалық қолданыс салалары мен күрделі орталарна кезігіп отырады. Жылдар бойы біз әртүрлі қолданыс жағдайларында жұмыс жасайтын магнит жетегі бар сорғыларды басқару құралдарын шығарумен айналысып келдік.

Сұйықтықта газдың болуын анықтайтын VapourView детекторы сорғымен қайта айдалатын технологиялық сұйықтықта газдың болуын ультрадыбыстық белгі арқылы анықтайтын интрузивтік емес құрал болып табылады. Зақымдану қауіпін және «құрғақтай» жұмыс істеуді жою үшін сорғымен қайт айдалатын сұйықтықтарда газдың болуын анықтай алу мүмкіндігі өте маңызды.

VapourView шешімі

Қауіп ықтималын жою үшін сұйықтықтағы газды бастапқы кезеңдерде анықтау аса маңызды болып табылады. Бұған қол жеткізу үшін VapourView патентелген жүйесі ультрадыбысты пайдаланады.

VapourView детекторы сорғымен қайта айдалатын сұйықтықта газдың бар болуы туралы аса маңызды ақпаратты түпкілікті тұтынушыға жеткізеді және қолайсыз жағдайлар туралы алдын – ала ескертеді. Бастапқы кезеңде инженерлердің шара қолдануы жабдықтың қызмет ету мерзімін барынша ұлғайтады

Жұмыс қағидасы

Сұйықтықта газдың болуы ультрадыбыстық белгі беруге екі жолмен әсер етеді. Ірі көбіктер мен газ қалташа болған жағдайда газдың акустикалық импедансы мен оны қоршаған сұйықтықтағы айырмашылық дыбыстолқындарының шашырап тарауына алып келеді. Сұйықтықпен қоршалған аз мөлшердегі газ жұту салдарынан дыбыстық белгілердің әлсіреуіне алып келеді. Технологиялық сұйықтық арқылы ультрадыбыстық сигнал жіберіп, белгі амплитудасының әлсіреуін өлшей отырып, жоғарыда көрсетілген әсерлердің ықпалынының нәтижесінде газдың болуын анықтауға болады.

VapourView детекторына тұрақты токтың стандартты 24 В кернеу жіберіледі. Қайтарылатын белгінің ток күші 4-20 мА –ға тең,сондықтан оны үлестірілген басқару жүйесі арқылы бақылауға болады. Құрал қызметкерлерге жүйенің жұмыс жағдайлары туралы визуалды ақпарат беру үшін жарық-диодты индикаторлармен және сұйық-кристалды дисплеймен жабдықталған .

VapourView жүйесі тексеруден өткен және жарылу қауіпі бар орталарда қолдану мен электромагниттік үйлесімділік талаптарына сай.

VapourView детекторын Sundyne тығыздамасы жоқ сорғыларының келесі модельдерінде қолдануға болады:

– GSP сериясының API-610/685 стандартына сәйкес магнит жетегі бар геметикалық сорғылары

– GSPV сериясының API-610/685 стандартына сәйкес магнит жетегі бар көлденең орталықтан тепкіш герметикалық сорғылары

– GSA сериясының магнит жетегі бар орталықтан тепкіш герметикалық сорғылары, ASME/ANSI B73.3 ISO 2858 стандарттарына сәйкес 1 жақтау

– GSA сериясының магнит жетегі бар орталықтан тепкіш герметикалық сорғылары, ASME/ANSI B73.3 ISO 2858 стандарттарына сәйкес 2 жақтау

VapourView сұйықтықта газдың болуын жанасусыз анықтау детекторын жоғарыда көрсетілген сорғы модельдеріне орнату үшін оңай қайта жабдықтауға және -40°F -тан +350°F-ке дейінгі ( -40°C-тан +180°C-қа дейінгі) температурада қолдануға болады.

- Герметикалық сорғының толықтай қауіпсіздігін қамтамасыз ету

- «Құрғақтай» жұмыс істеу мүмкіндігін жою

- Дұрыс құю мен үрлеуді қамтамасыз ету

- Сенмділікті арттыру

- Ауыл ақаулардың алдын алу

- Күтпеген қаржылай шығындарды жою

- Қолданыс шығындарының аздығы

- Өндірістік процес пен табыстылықты жетілдіру

- Әртүрлі салаларда қолдану мүмкіндігі

- Қауіпті ортада қолдануға болады

- Қолда бар жүйелермен үйлесімділігі & Қолданыстағы стандарттарға сәйкестігі