ГЕРМЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫЛАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Магнит жетегі бар герметикалық сорғылар сіздің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру үшін жасалған

HMD Kontro компаниясының магнит жетегі бар герметикалық сорғылары  кең ауқымды қолданыс артықшылықтарын ұсынады және көптеген функционалды мүмкіндіктерінің арқасында тығыздамасы бар дәстүрлі сорғылардан озық болып табылады. Бұл сорғылар сіздің жұмыс барысыңызды қалай түбірімен өзгерте алатынын білу үшін уақытыңызді бөліңіз.

 

Артықшылықтары

Өнімнің қауіпсіздігі

Магнит жетегі бар герметикалық сорғылар сұйықтықты қайта айдаудың ең қауіпсіз, әрі сенімді құралы болып табылады. Тығыздамасы бар дәстүрлі сорғыларға тән тығыздауыш , ағып кету мәселелері жоқ.

Тиімділігі

Өндімділікті арттырып және техникалық қызмет көрсетуді барныша азайта отырып, магнит жетегі бар герметикалық сорғылар бос тұрып қалу уақыты мен өндіріс шығындарын едәуір қысқартады. Бұның бәрі жиналып, барынша тиімділікті арттырады. Оған қорытынды нәтижелер арқылы көз жеткізуге болады

Сенімділік

Магнит жетегі бар герметикалық сорғылар  өзінің сенімділігін тіпті ең қатаң климаттық жағдайларда: Сібірдің аязды тундрасы мен Таяу Шығыстың шөлдері және Луизиананың ылғалды климатты мұнай өңдеу зауыттарында да көрсетті. Оның үстіне, HMD Kontro компаниясының 30 жыл бойы қолданылып келе жатқан және осы күнге дейін ақаусыз жұмыс істеп тұрған сорғылары да бар.

1

Қауіпсіздік

HMD Kontro компаниясының магнит жетегі бар герметикалық сорғылары ATEX, ISO, API және ANSI сиықты жобалау мен қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәкес өндіріледі . Сонымен қатар, қауіпті химикаттар ағып кетуі мүмкін тығыздамалардың  жоқтығынан бұл сорғылар үнемі ұшпалы не құнды заттармен жұмыс істейтін өңдеу өнеркәсіптеріндегі мамандар үшін айқын таңдау болып табылады.

Экономикалық тиімділігі

Магнит жетегі бар герметикалық сорғылар  қарапайым тығыздамасы бар модельдерге қарағанда бақылау мен техникалық қызмет көрсетуді  аз талап етіледі, сөйтіп сорғыны қолдану барысында едәуір  сомманы үнемдеуге мүмкіндік береді

Қызмет көрсету

Әлемдік қызмет көрсету орталықтары HMD Kontro магнит жетегі бар герметикалық сорғыларының максималды өнімділігін қамтамасыз етеді. Стандартты сорғылар мен бөлшектерді зауытта алуға болады немесе алаңға жеткізуге тапсырыс беруге болады.

 

Негізді құрылымдық ерекшеліктері

 Тығыздамасы жоқ конструкция

Тығыздаманың жоқтығы техникалық қызмет көрсетуді минимумге жеткізіп, бос тұрып қалу уақытын, шығындар мен жұмыстың тиімсіздігін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тығыздамасы жоқ конструкция толықтай саңылаусыздықты қамтамасыз етеді, ол әсіресе қауіпті, жемір және құнды өнімдерді қайта айдау кезінде маңызды

 Өзара алмасатын компоненттер

Біздің герметикалық сорғылардың құрылымын ұтымды ете отырып, біз  осы сорғыларға техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы жөндеу жұмыстарын барынша қолайлы өткізуді қамтамасыз еттік. Өзара алмасатын компоненттер  қосалқы бөлшектер қорын , сондай-ақ қызметкерлерді техникалық қызмет көрсетуге үйретуге кететін уақыт пен қаражатты қысқартуға мүмкіндік береді.

2

Тиімділігі жоғары ағымдық бөлік

Біздің герметикалық сорғылар максималды шығын мен қысымды қамтамасыз етеді.

Тиімділігі жоғары магнитті муфталар

Біздің муфтілердің құрылымы қолданысқа ауыр жағдайларда сорғылардың жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Материалдарға  ауқымды таңдау

Біз магнит жетегі бар герметикалық сорғыларды өндіруде қолданылатын металдардың сіз қолданатын заттармен химиялық сәйкестігін қамтамасыз ету үшін металдарға кең ауқымды таңдау ұсынамыз

Бір төсеме мен герметикалық стақаны бар корпус Бұл элементтер біздің барлық магнит жетегі бар HMD Kontro  герметикалық сорғыларында бар және ағып кетудің алдын алу мен оларды минимумға жеткізу үшін қолданылады.

Толықтай жаншылған корпус төсемесі

Корпус төсемесінің жаншылуына байланысты ағып кету қауіпі жойылған.

Әмбебап біріктірулердің бірнеше түрі

Барлық сорғыш және айдар ернемек арқылы біріктірулер тапсырыс берушінің нақты талаптарына қарай бейімделінеді.

Ағымдық бөліктің түйіні – Картридж

Бұл элементті модульді ету арқылы біз тапсырыс берушілерімізге  оны тиімді алмастырып, қосалқы бөлшектерді басқаруға  мүмкіндік бердік. Сондай-ақ барлық айналмалы элементтерді енді тек бір ғана  қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу өткізуге орналған операцияның көмегімен  шешуге болады.

 Сенімді магнит муфталар

Біздің муфтлар толық қуатпен іске қосуға арналып есептелген және нақты жағдайларға орай таңдалатын  толықтай қорғалған магниті бар