Алпыстан астам жылдан бұрын HMD Seal/Less Pumps Ltd. компаниясы алғашқы болып сұйықтықты тасымалдау технологиясы саласында жаңа көкжиектерді ашқан магнит жетегі бар герметикалық сорғы конструкциясы мен принципін ойлап тапты. Оннан астам жылдан бұрын Sundyne Corporation корпорациясы HMD –ді американдық Kontro компаниясымен біріктірді, нәтижесінде бүгінгі таңдағы ең сенімді сорғы өндірушілердің бірі Sundyne HMD Kontro құрылды.

Магнит жетегі бар HMD Kontro герметикалық сорғылары тығыздамасы бар дәстүрлі сорғыларға лайықты балама бола отырып, кең ауқымды операциялық артықшылықтарға ие. Магнит жетегі бар герметикалық сорғыларды қолдану  өнімділікке, жұмысшылар мен қоршаған ортаға теріс әсер ететін зат шығарылуы мен ағып кетту қауіпін толықтай жояды. Одан бөлек, ауыстырып тұруды талап ететін тығыздама жоқ болғандықтан және де HMD Kontro сорғылары линиясының барлық тауарларында қолданылатын жетілдірілген компоненттердің арқысында  қосалқы бөлшектер қоры минимумға жеткізіледі, яғни операциялық бюджетті қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша  магнит жетегі бар HMD Kontro герметикалық сорғыларын жұмыс процессінде қолдану барынша сенімділік пен барынша жоғарғы жұмысқа қабілетті жағдай кезеңін қамтамасыз етеді.

zavod

Жоғарғы температураны, жабысқақтықтың жоғарғы деңгейін, жоғары қысым мен ұшқыш заттардың болуын шамалайтын жағдайларда магнит жетегі бар герметикалық сорғы бұл- ең айқын таңдау. Әсіресе тасымалдауды талап ететін токсиндік, тазартылған, күйдіргіш және жемір сұйықтықтар қолданылатын мұнай мен газ шығару, химиялық заттар өндірісі мен фармацевтикалық өнеркәсіп немесе жалпы өңдеуші салалар туралы сөз болғанда магнит жетегі бар герметикалық сорғылар инженерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын және өнеркәсіптік нормаларға сай ең  жоғарғы тиімділікті қамтамасыз етеді.

GSP (OH2) Көлденең сорғылар, GSPV (OH 4) тік және GSPVS (VS4)  жартылай сорғылары магнит жетегі бар герметикалық сорғыларға арналған Американдық мұнай институтының стандарттарына (API 685 и 610) сай жасалған және арнайы мұнай өңдейтін кәсіпорындарда қолдануға арналған.

Магнит жетегі бар Sundyne HMD Kontro герметикалық сорғылары сондай-ақ химиялық заттарды өңдеуге қатысты  ASME / ANSI B73.3 және ISO 2858 сияқты қатаң стандарттарға сай.